Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Онлайн байланыс режимінде өткен қабылдауға аудандар мен Тараз қаласынан 9 тұрғын жазылған. Тұрғындардың басым бөлігі жер, үй, жайылымжәне әлеуметтік мәселерді көтерді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақ басшысы өтініштерді қанағаттандыру ҚР Жер кодексінің, Жайылымдар туралы, Тұрғын үй қатынастары бойынша Заң талаптарына сәйкес ғана жүзеге асатынын жеткізді. Дегенмен, асарлатып үй салу секілді өңірлік игі жобалар бойынша мұқтаждарды баспанамен қамту мүмкіншілігі жан-жақты қаралатынын атап өтті.
Қабылдауға жазылған өзге де тұрғындар субсидия, инвестор тарту, суармалы су, әлеуметтік нысан салу, абаттандыруға қатысты бірқатар мәселелерге назар аудартты.
Бердібек Сапарбаев барлық өтініштер назарға алынатын баса айтып, олар бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.