«Несие жауып бере алмайды»: «Қазақстан халқына» қоры кімдерге көмек көрсетуден бас тартады

0 23

«Қазақстан халқына» қорына қазірге дейін 30 мыңнан астам өтініш түскен, алайда оның басым бөлігі қор қаржы бөлетін бағыттарға сәйкес келмейді,  -деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева айтты.

«Барлық өтініш электронды портал арқылы түседі. Қазірге дейін 30 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде 70%-тен астамы қордың жарғылық міндеттеріне сәйкес келмейді. Біз тұрғын үй сатып алып бере алмаймыз. Сондай-ақ банктердегі несиелеріңізді жауып бере алмаймыз. Қалған өтініштер қор бекіткен жарғылық міндеттерге сәйкес келеді. Қиын жағдайда отырған отбасылар бар. Әрбірінің өтінішін мұқият қарап, жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жасап жатырмыз», — дейді қор төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева.

Айтуынша, қор көмек көрсететін бағытқа сәйкес келетін өтініштер жеке-жеке қаралады.

Сондай-ақ ол қордың қайырымдылық ұйымдарымен жұмыс істеп жатқанын, қайырымдылық ұйымдары арқылы өтініш берген адамның көмекке мұқтаж екенін растауға болатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.