Қаңтар оқиғасы: ұсталғандардың жазасы жеңілдетілуде

0 62

Қаңтар оқиғасы: ұсталғандардың жазасы жеңілдетілуде. Бұған дейін облыс прокуратурасы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысып, террористік шабуылдар жасағаны үшін бірқатар күдіктілер ұсталғанын, олардың кейбіреулері соттың санкциясымен қамауға алынғанын мәлімдеген.

Осыған қатысты бүгін Жамбыл облыстық прокуратурасы әлеуметтік желідегі парақшасына БАҚ үшін арнайы мәлімет жариялады.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен деректерді сипаттап, қатысу дәрежесін және тергеуге жәрдем көрсетуін ескере отырып, жекелеген адамдарға қатысты бұлтартпау шараларын жеңілдету жөніндегі мәселе қарастырылуда.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.А.Әзімовамен облысқа сапары барысында қамауға алынғандардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың бұлтартпау шараларын жеңілдету мүмкіндігі туралы ұсыныстар берілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобының өтінішхаты бойынша 24.02.2022 жылы сотпен 2 күдіктіге, оның бірі кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты бұлтартпау шараларын күзетпен ұстаудан үйқамаққа өзгерту туралы шешім қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.