Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

0 38

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаты Саясат Нұрбек ант берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», — деді С. Нұрбек. Жалпы отырысында палата депутаттары С. Нұрбекті Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайлады.

Еске сала кетейік, жақында Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі. Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 наурызда өткен съезд барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.