«Қазақстанда айналмалы экономика» жобасы басталды

0 31

«Қазақстанда айналмалы экономика» жобасы басталды. Әзірге пилоттық жоба ретінде Тараз қаласында тәжірибеден өтеді. Негізгі мақсаты тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп, қайта қажетті дүние шығару. Бүгін осы жобаны жүзеге асыру үшін қала әкімі инвесторларды қабылдады. Ержан Жылқыбаев өз сөзінде:

«Қоқыстарды жинап, полигонға жеткізу қызметімен 8 ЖШС айналысады. Болашақта жақын аудандардан 11 округ қала аумағына енгізу жоспарда. Бұл дегеніміз, шығатын қоқыс көлемі тағы еке есеге ұлғаятынын білдіреді. Сондықтан біз сіздермен, бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз», – деді.

Пилоттық жобаны ұсынушы компания директоры Виталий Ким өз бағдарламасын таныстырып, ерекшеліктерін атап өтті. Аталған компания заманауи қондырғыларын орнату арқылы, әлемнің 70 елінде өз кәсіпорындарын ашқан.

Келіссөз барысында екі жақ меморандумға қол қойды. Енді қонақтар қалада орналасқан полигондарды аралап, толық жағдаймен танысады. Жұмысты биылдан қалдырмауды көздеп отыр.

Қала әкімі шаһардың жоғары мүмкіндігі арттыру үшін шетелдік компаниялармен әрдайым тәжірибе алмасып отыратынын жеткізді. Және де алдағы уақытта нәтижелі жұмыс болатынына сенім білдірді.

Жасыл экономика жүйесі жүзеге асса, қаладағы қоқыс полигондарындағы мәселе түбегейлі шешімін таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.