Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан арасында бірыңғай логистикалық компания құрылады

0 15

Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан арасында бірыңғай логистикалық компания құрылады Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның даму жөніндегі бастамасына Түркия мемлекеті де қосылуды жоспарлап отыр.»Қазақстандық делегацияның Әзербайжан мен Грузияға сапарының қорытындысы бойынша бірлескен құжатқа қол қойылды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев құжаттың негізгі мақсаты Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тығыз ынтымақтастықты дамыту және бірыңғай логистикалық компания құру екенін айтты.
Сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы бұл бастамаға Түркия Республикасы қосылуға ниетті», — делінген хабарламада.

Бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау туралы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ҰК басқарма төрағасы
Нұрлан Сауранбаев баяндады. Ол бүгінде жүктердің негізгі номенклатуралары бойынша вагондар мен контейнерлер арқылы тасымалдауға арналған кешенді тариф бекітілгенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.