Түрмеге таблетка кіргізбек болған

0 32

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері рұқсат етілмеген заттарды кіргізуге талпыну дерегін анықтады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Істі болып, жазасын өтеп жатқан азаматқа кездесуге келген «жанашыры» аяқкиім ұлтарағының астына жасырып, рұқсат етілмеген заттарды ішке кіргізбек болған. Бәтеңке табанынан қою жасыл түсті өзіне тән иісі бар ұнтақпен бірге 149 белгісіз ақ түсті таблетка табылған.

– Мұндай іс-әрекет үшін заң бойынша әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Осыны азаматтарға тағы ескерте кеткім келеді, — деді Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.