Сенат қос азаматтыққа шектеу қоятын құжатты қабылдады

0 13

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл келісім ТМД елдерінің өкілетті органдары арасында жасалды. Құжат ақпарат алмасудың құқықтық негізін анықтайды. Келісімге 2020 жылы желтоқсанда Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды. «Келісімді ратификациялау ТМД елдерінен азаматтықтың болуы немесе болмауы, жеке басты куәландыратын құжаттар, көші-қон есебінде тұрған адамдар, шетелдіктерге осы елдерге келуге және онда болуға берілген визалар, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болады. Аталған құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді», — деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев. Бұдан басқа келісім бойынша қосымша ақпаратты алуға болады.

Басқа елден алынған жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан кезде адамның кім екенін, азаматтың шетелде тұратын жерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамдарды жауапқа тарту туралы мәліметтер құқықтық көмек көрсету аясында пайдаланылуы мүмкін.

Бұл ақпараттарды өкілетті органдар сұрау салу арқылы алады. Жауап мерзімі екі айдан аспауы тиіс. «Бұл ретте келісімде азматтарға қатысты мәліметтердің құпиялығы, ол деректерді пайдалануға шектеулер, сондай-ақ сұрау салуды қанағаттандырмайтын талаптар нақты жазылған. Құжатты ратификациялау ТМД елдеріндегі құзыретті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы еліміздің барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілді», — М. Қожаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.