Шошала тіккен Алматының наурызына қанша қаражат кеткені белгілі болды

0 1 176

Алматыда ұйымдастырылған Наурыз мерекесі желідегі оқырманның сынына ұшыраған еді. Көпшілік киіз үй ретінде алаңға тігілген «шошалаға» наразылығын білдірген. Алматы қаласының әкімдігі Ұлыс күніне қанша қаржы жұмсағанын журналист Мият Кәшібай Telegram — дағы мақаласында жариялады. Мақалалары мәліметке сүйенсек, Алматы әкімдігі Наурыз мерекесін тойлауға 115 млн теңге жұмсаған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Журналист Мият Кәшібайдың авторлық каналына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік сатып алу порталынының дерегінше, 18-наурыз күні қалалық мәдениет басқармасы «Алматыгороформление» компаниясымен келісімшарт жасасты. Құны – 115 млн теңге. Тендер «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы өткен. Яғни, конкурссыз.

Порталда тендер техникалық сипаттамасы жоқ. Келісімшарттың қысқаша атауында «Наурыз мейрамы» іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер» деп қана жазылған. Сондықтан 115 млн теңгеге нақты қандай іс-шара өтетіні, оның қай күні болатыны, оған кім қатысатыны жайлы білу мүмкін емес. Тендерді «ұтып» алған «Алматыгороформление» ЖШС 1997 жылы құрылған. Әділет министрлігі берген электоронды анықтамаға қарасақ, компанияның 16 құрылтайшысы бар. Бірақ бәрінің аты-жөні жасырылған. Айналысатын қызмет түрлері: киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру; Өзге де пластмасса бұйымдарын өндіру» — делінген мақалада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.