Қолайсыз ауа райына байланысты 14 жол учаскесі жабылды

0 8
23 наурызда Нұр-Cұлтан-Щучинск тас жолы ұйытқыған боран мен айналаның көріну деңгейінің нашарлауына байланысты жабылды, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлағандай, 23 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) сағат 12.30-дан бастап республикалық маңыздағы Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолында 18-231 шақырымындағы «Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесіндегі жол көлік құралдарының барлық түрлері үшін жабылды.

Сонымен қатар, «Қазақавтожол» ЖШС мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда 14 жол учаскесі жабылды.

Атап айтқанда:

  1. «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» тас жолының 46-66 шақырындағы Северное ауылы учаскесі, яғни Серебрянскке қарай бұрылатын жол 2021-2022 жылғы қысқы кезеңде Осинов асуындағы ауыр тау жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  2. «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 65-252 шақырындағы Жезді кенті – Қостанай облысының шекарасы учаскесінде 22 наурызда сағат 7.30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  3. «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 252-340 шақырымындағы Қарағанды облысының шекарасы – Арқалық жол учаскесінде 22 наурызда сағат 7.45-тен бастап Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  4. «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 967-1135 шақырымындағы Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 11.30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  5. «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 1135-1206 шақырымындағы Қарағанды облысының шекарасы-Шідерті кенті жол учаскесінде 23 наурызда сағат 11.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  6. «Жезқазған-Петропавл » тас жолының 377-440 шақырымындағы Қостанай облысының шекарасы – Державинск жол учаскесінде 23 наурыз сағат 12.00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
  7. «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 340-377 шақырымындағы Арқалық – Ақмола облысының шекарасы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.00-ден бастап Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  8. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» тас жолының 16-200 шақырымындағы Нұр-Сұлтан-Павлодар облысының шекарасы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  9. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолының 18-231 шақырымындағы Нұр-Сұлтан – Щучинск жол учаскесінде («ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ Ақылы жолдар дирекциясының учаскесі) 23 наурызда сағат 12.30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  10. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» тас жолының 200-254 шақырымындағы Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.30-дан бастап Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  11. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» тас жолының 16-51 шақырымындағы Нұр-Сұлтан — Қарағанды облысының шекарасы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.45-тен бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;
  12. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» тас жолының 51-266 шақырымындағы Ақмола облысының шекарасы – Теміртау жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.55-тен бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысындағы автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
  13. «Макинск-Ақсу-Торғай» тас жолының 0-240 шақырымындағы Макинск учаскесі-Торғай кенті жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.45-тен бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
  14. «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» тас жолының 19-180 шақырымындағы Нұр-Сұлтан-Қорғалжын қорығы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.45-тен бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.