Дөңгелегі жоқ автобус адам тасымалдаған

0 550

Оқиға Ақтау қаласында орын алған. Сол жағында бір артқы дөңгелегі болмаса да, нөмірі 104-і маршруттық автобустың жолаушыларды қалай тасымалдағанын тұрғындар видеоға түсіріп алған. Олардың шағымынан кейін Мұнайлы аудандық полиция бөлімі жүргізушінің кім екенін анықтағанын хабарлады.

Көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 61 260 теңге айыппұл салынған. Техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға бергені үшін жауапты тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.