Желі қолданушыларының таңданысын тудырған ерекше байқау Алматы облысында өткізілмек.
Бұл туралы Айдос Кертаев есімді желі қолданушысының бейнежазбасында айтылды. Байқау туралы хабарландыру «Вечерный Талдықорған» газетінде жарияланған. Аталған аймақтың барлық фермерлері байқауға өз жануарын қатыстыра алады. Тек, қойының байқауда бақ сынауы үшін иесі 10 мың теңге көлемінде міндетті төлемақы төлеуі керек. Жалпы жиналған жүлде қоры ең әдемі қойдың иесіне табысталады.
Қай қойдың әдемі екендігін қазылар алқасы анықтамақ. Сұлулық сынының соңғы финалы шілде айында болады деп жоспарланыпты. Хабарландыруды желі қолданушылары қызу талқылауда. Олар «Сұлу қойды қалай анықтамақ?» , «жүні мен бойын, құйрығын өлшейтін шығар» , «Талдықорғандағы бүкіл сұлулық салонында кезек десеңдерші» , «жеңімпаздың жеңісін жуу үшін, сойып, шашлық жасай ма?» деп жазып жатыр.