Қазақстандықтар енді жеке куәлік сынды құжаттарды қалтасына салып жүрмесе де болады. Цифрлық құжаттар Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларында қол жетімді болмақ. Банк қосымшаларының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Цифрлық құжаттар» жаңа қызметі пайда болды. «Бұл өте ыңғайлы. Құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алудың қажеті жоқ.
Бүгіннен бастап бұл қызмет Kaspi.kz және Halyk Homebank сайттарында қолжетімді. Біз үшін халықтың мемлекеттік қызметтерді тек біздің арналар арқылы ғана емес, қазақстандықтар күнделікті пайдаланып, үйреніп жүрген қызметтері арқылы да алуы маңызды», — деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі жазбасында.