Таразда мұғалім оқушыларға Жириновский партиясының атынан сыйлықтар таратқан

0 16

Таразда мұғалім оқушыларға Жириновский партиясының атынан сыйлықтар таратқан. Бұл туралы Экспрес К ақпараттық порталы жариялады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Оқиға ұлттық мереке, Наурыз мейрамы қарсаңында орын алыпты. Тараздағы #13 мектептің ұстазы мереке қарсаңында оқушыларға В.Жириновскийдің партиясының атынан сыйлықтар таратқан.
Басылымының хабарлауынша, ата-аналар мұғалімнің бұл әрекетін түсінбей отыр.

Сыныптағы оқушыларға Владимир Жириновскийдің суреті бар дәптерлер мен Ресейдің «ЛДПР» партиясының аты жазылған ертегілер кітабы берілген. Оған қоса, оқушыларға саяси партияның құттықтауы жазылған тәттілер де таратылыпты. Қазір облыстық білім басқармасы мәселені назарға алып, зерттеу жүргізіп жатыр. Ресми ақпарат қосымша жарияланбақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.