Қарағандыда бойжеткен пойыздың астына түсіп қайтыс болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Оқиға 10 сәуірде Сортировочная-Құлайғыр учаскесінде болған. Қыз жүк пойызының алдындағы жолға жүгіріп шыққан.
Машинист тежегішті шұғыл іске қосқанымен, қашықтықтың тым қысқалығынан құрамды тоқтату мүмкін болмады.
Қыздың жеке басы анықталды. Оның жасы 18-де.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пойызды бірден тоқтату мүмкін еместігін еске салады. Жылдамдығы сағатына 80 км кезінде машинистің тежегішті шұғыл қолданғанымен, пойызды тежеу жолы кемінде 900 метрді құрайды», — делінген хабарламада.
Компания марқұмның жақындарына көңіл айтты