Қазгидромет 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағы арқылы батыс циклон өтеді. Елдің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республика бойынша тұман, республиканың батысында шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндізгі еліміздің солтүстігінде ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, орталықта 17-22 градус жылы болады. Ал облыстың оңтүстігінде 28 градус дейін, елдің шығысында 20 градусқа дейін күн жылы болады.