«Адамның алақанына әрең сыйған бала» : Өскеменде дәрігерлер салмағы 750 грамм болып туылған алты айлық нәрестені аман алып қалды
ШҚО-да ана мен бала орталығының дәрігерлері салмағы 750 грамм алты айлық сәбиді аман алып қалды. Қазір бөбекті үйге шығаруға дайындап жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазір кішкентай Мұстафа 4 айға таяп қалды. Оны үйге шығаруға дайындауда. 2021 жылдың 16 желтоқсанында дүниеге келген сәби осы уақыттың барлығын шала туған нәрестелерді емізуге арналған арнайы құрал-жабдықтары бар ана мен бала орталығында өткізді.
Анасы Мөлдір Рахметқызының бұл төрт қыздан кейін күткен ұлы. Жүктіліктің 25 аптасында Зайсандық әйел шұғыл түрде Өскемендегі Мир орталығына жатқызылған. Ересек адамның алақанына әрең сыйған бала салмағы 750 грамнан сәл асып дүниеге келген. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті.
“Біз босандыру кезінде қолымызда бар барлық құралдар мен тәсілдерді пайдаландық”, – дейді жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінің меңгерушісі Әсем Қапезқызы.
Орталықтың акушер-гинекологтарының, реаниматологтарының, неонатологтарының жұмысының арқасында баланың өмірі аман қалды. Қазір Мұстафаның салмағы 3400 грамм, бойы 60 сантиметрге жеткен.
«Бұл нәресте нағыз батыр. Ол осы айларда бізге көмектесті. Балалардың тезірек салмақ қосып, жақсаруы үшін біз кенгуру әдісін қолданамыз”, – дейді оның емдеуші дәрігері неонатолог Жанна Мұқанова.
“Әрқашан соңына дейін үміт үзбей, жақсыға сену керек. Ғажайыпқа сену керек. Ол үш ай жансақтау бөлімінде жатқанда дәрігерлер мені күн сайын ұлыма кіргізіп тұрды. Мен оны көруге үшін сағат, минуттарымды санап асықтым. Барлық дәрігерлерге алғысым шексіз. Осындай жағдайға тап болған аналарға тәжірибеммен бөлісіп, үміт сыйлағым келеді”,- деді сәбидің анасы Мөлдір Рахметқызы.
Өткен жылы ЦМР жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінің дәрігерлері түрлі дертке шалдыққан 1700-ге жуық баланы аман алып қалды.
«Биылғы жылдың небәрі үш айында 150-ге жуық өте төмен салмақты сәбилер дүниеге келді. Олар ерекше ем күтімінсіз өмір сүре алмас еді», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.