Жыртылған тумен ақша бопсалаған блогер ұсталды

0 82

Ғимараттағы жыртылған туды себеп етіп, шенеуніктен ақша бопсалаған азамат ұсталды. Ол — Шымкенттік блогер Ғани Өмірәлі болып шықты. Оқиға туралы “КазТаг” порталы жариялады.

«Шымкент қалалық ІІД криминалдық полициясына лауазымды тұлға хабарласты. Ол өзін блогер ретінде таныстырған адамның жарты миллион теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтты. Өз кезегінде олар мемлекеттік туы жыртылған бейнежазбаны таратпауға уәде берген.
Криминалдық полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел шараларды жүргізді. Нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Тергеушілер оның Toyota Camry көлігінен 300 000 теңге көлемінде ақша тәркіледі. Күдікті сот шешімімен қамауға алынды», — деп хабарлады Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.