Ерке Есмахан денсаулығы сыр беріп жүргенін мәлімдеді. Дәрігерлер әншіге ота жасау туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Еркенің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Денсаулығым сыр беріп, өзімді өте жаман сезініп жүрдім соңғы күндері. Байқасаңыздар, 2 аптам анализ тапсырумен өтті. Әлсіз тұсымды осы кезге дейін ешқашан білдірмейтін едім сіздерге, қатты қорыққанымнан жазып отырмын. Ертең маған операция жасайтын болып шешті дәрігерлер. Сіздермен аман-есен қауышайын. Тілек тілеп қойыңыздар. Алла жар болсын», — деп бөлісті Ерке.