Жамбылдық азамат қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздікте нұсқау беріп отырған — Бас прокуратура

0 75

Жамбылдық азамат қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздікте нұсқау беріп отырған.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Жамбыл облысының тұрғыны 2022 жылғы 4 қаңтарда Алматы қаласында отырып телеграмм желісінен канал ашқан. Оған санаулы сағаттарда бірнеше мың қатысушы жазылды. Осы канал арқылы оның жазылушылары баррикадалар құру, «Молотов» коктейльдерін дайындау және құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық білдіру туралы толық нұсқаулық алып отырған.

Кейін 5-6 қаңтарда аталған канал арқылы қиратушылардың қозғалысы және олардың Жамбыл облысының мемлекеттік объектілеріне жасаған шабуылдарын түзету туралы ақпарат жүрді», — деді Е. Қилымжанов.

Оның айтуынша, күдікті адам анықталып, қамауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.