Шаруаларға 2815 тонна дизель таратылды

0 13

Көктемнің бір күні — жылға азық. Жамбыл облысында да дала еңбеккерлері көктемнің әр күнін тиімді пайдалануға тырысуда. Егіс алқаптарында қызу жұмыс жүріп жатыр, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Биыл Үкімет тарапынан облысқа 10,9 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінсе, ақпан-наурыз айларына бөлінген 5460 тонна жанармайдың 5120 тоннасы облысқа жеткізіліп, 2815 тоннасы тиісті операторлар арқылы шаруаларға таратылды және тарату жұмыстары жалғасуда.
Ал, сәуір айына бөлінген 2860 тонна дизель отынының бүгінгі күні қаржысы аударылып, өңірге жеткізу шаралары атқарылуда.

Айта кету керек, облыс шаруашылықтарына арзандатылған дизель отынының 1 литрі 194-208 теңге аралығында беріліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.