Таразда алып нәресте өмірге келді

0 7

Таразда алып нәресте өмірге келді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәбидің салмағы 5 келі, бойы 62 сантиметр. Қыз бала 19 сәуір күні, сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында туған.

«Шарана анасының құрсағына басымен емес, жамбас ұшымен, яғни бөкселермен келген және басқа да зерттеулерге қарағанда нәрестенің салмағы әдеттегіден үлкен екендігі көрініп тұрды. Мамандардың айтуынша, кейде анасының құрсағына жамбаспен келген үлкен салмақты балалар табиғи жолмен туады және бәрі жақсы болады. Бірақ бұл жағдайда қиындық тудырғаны — ұрықтың үлкен салмағы мен ананың метаболикалық синдромы. Ана мен бала амандығын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесір тілігі арқылы босандыру туралы шешім шығады», деді басқарма өкілдері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.