Азық-түлік бағасын реттей алмаған шенеуніктер жазаланады

0 4

Азық-түлік бағасын реттей алмаған шенеуніктер жазаланады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселесі бойынша кеңес өткізген Премьер-Министр азық-түлік бағасының тұрақталмағанын айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Өңірлерде пияз, қырыққабат, сәбіз, қант пен құс еті әлі де қымбаттауда. Ең көп баға өсімі Нұр-Сұлтанда және Алматыда. Көрсеткіштерге көңілі толмаған Әлихан Смайылов: «Мен «өңдеу схемасы» бойынша қаржыландыруды ұлғайту туралы бірнеше рет тапсырма бердім, алайда бүгінгі күнге дейін тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілген жоқ.

Осы айдың соңына дейін қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін арттыру қажет. Бұл көрсеткішті нысаналы деңгейге жеткізбеген өңірлер бойынша жетекшілік ететін әкім орынбасарларын жазалау туралы ұсыныстар қарастырылады», — деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.