Теңге депозиттерінің максималды пайыздық ставкасы көтеріледі

0 3

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі жинақ салымдар бойынша максималды ставканы арттырады, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттері бойынша 2022 жылдың маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті.

3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме өзгеріссіз қалды және мамыр айындағы деңгейде сақталды.

12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді нарықтық ставканың өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.