Бірлік пен берекені үндеген

0 23

Қоғамдық сананы өзгертуге ортақ құндылықтардың ықпалы зор. Ал құндылықтары жоғары тұратын қоғам орнату үшін қиыс кеткенді де қатарға қосатын көзқарас керек.

Бұл ретте өзіндік мәні бар мерекелерді дәріптеудің де пайдасы бар. Мысалы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл толерантты көзқарастан бөлек, әр азаматқа конституциялық құқығы не беретінін еске салып тұрады.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Осы мекенде өмір сүріп жатқан әрбір азамат тең құқылы. Біреудің өмір салтын менсінбей, тағы біреуге көзқарасы үшін қысым көрсетуге ешкімнің құқы жоқ. Ал қазақ та, орыс та, өзбек те, қарашай да, түрік те, түрікпен де, тағы басқа елімізді мекендеген ұлт пен ұлыстар тату болса – ел де берекелі.

Осындай ерекше мерекені мәнін түсіндіріп, бірлік пен берекеге үндеуді мақсат тұтқан іс-шараны Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қалалық № 1 Пробация қызметі ұйымдастырды. Бұл күні қызметкерлер есепте тұрған түрлі ұлт өкілдерімен кездесу өткізді.

Сотталғандарға қайта жаза өтеу тәртібі мен құқықтары және адамның ар-намысын сақтауына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

А.Ерманов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің

Тараз қалалық № 1 пробация қызметінің бастығы

әділет майоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.