Биыл ҰБТ тапсырушылар мына ерекшеліктерді білуі тиіс

0 9

Биыл ҰБТ тапсыратын түлектер үшін енгізілген өзгерістер жайында Білім және ғылым министрлігінің өкілі Әділет Тойбаев айтып берді — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Мәліметке сәйкес, биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады. Бірақ, алғашқы таңдаған пәнін ауыстыра алмайды. Бүл дегеніміз, бірінші рет химия-биология тапсырса, екінші рет те сол пәндерді тапсыруға міндетті.

Ескеретін тағы бір жай, түлек егер бірінші тестілеуде ережені бұзған болса, ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға жіберілмейді. Ал, екінші рет тапсыру кезінде ережені бұзса, бірінші және екінші тестілеудің нәтижелері жойылады. Яғни бітіруші гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.