«Jambyl-Taraz» газетіне бас редактор тағайындалды

0 107

«Jambyl-Taraz» газетіне бас редактор болып Саятхан Сатылғанов тағайындалды,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Саятхан Сатылғанов еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінде тілші болып бастаған.

2011-2012 жылдары Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде тілші, 2012 жылы Жамбыл облыстық «ARAІ» газетінде тілші, 2013 жылы облыстық «ARAІ» газетінің «Құқық және спорт» бөлімінің басшысы, 2013 жылы Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, 2017 жылы облыстық «ARAІ» газетінің «Саясат және әлеумет» бөлімінің редакторы, 2019 жылы республикалық «AIQYN» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.
2021 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық «Jambyl-Taraz» газетінің директор-бас редакторының орынбасары. Сондай-ақ, республикалық «AIQYN» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.