Зейнет жасына жақындаған азаматтар жұмысқа тұрғызылады — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бұл үшін жұмыспен қамту орталықтарында «Күміс ғасыр» бағдарламасы іске асырылады. Жобаның бағдарламасы бойынша, зейнет жасына жақындағанда жұмыссыз қалған азаматтарға жұмыс 12 айға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін беріледі. Жалақының 50 пайызын Жұмыспен қамту орталығының өзі төлейтін болады.
«Зейнеткерлік жастағы адамға жұмыс табу өте қиын, өйткені жұмыс беруші көбінесе жас адамдарды іздейді. Бұл бағдарлама зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 2022 жылы 633 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, қазіргі уақытта жұмыс берушілер тізімі жасалуда», – деді Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова.