Белгілі жазушы: «Арыстанбектің араны аш қасқырдың тәбетінен жаман»

0 68

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы бұл пікірді белгілі жазушы, әдебиет сыншысы, профессор Құлбек Ергөбек жариялады. Жазушының мұндай пікір білдіруіне бұрынғы мәдениет министрінің желіде таралған бейнеүндеуі себеп болған секілді.

«Экс министр ақталып ант — су ішіп отыр. Бейне, мемлекетшіл тұлға босқа күйіп кеткелі тұрған сияқты. Дені сау, мемлекетшіл министр өнер адамымен соттаспайды, оған жағдай жасайды. Дені сау, мемлекетшіл министр “Энциклопедия” баспасы басшысын еш кінаратсыз босатып, орнына туысқанын тағайындап, баспа ғимараты мен недәуір үлкен жерді жекешелендіріп алмайды, ақынға (Бауыржан Жақып) жағдай жасайды, баспа ісін өркендетеді. Жекеленсе — жол Б. Жақыптікі емес пе?! Дені сау, мемлекетшіл министр Қ.А.Ясауи мавзолейінің қабырғасы ылғалданып, жарыла бастағанын айтып дабыл қаққан директорды орнынан алып, киелі орынға басшы етіп бұрын соңынан сөз ерген “өз адамын” тағайындап, кесенеге жаны ашитын адамдардың меселін аяқасты етпейді. Ындынын құртқан “реставрацияға” бөлінетін қыруар қаржы болса керек. Айта берсе, эксминистрдің араны аш қасқырдың тәбетінен жаман деседі жұрт. Мен айтпаймын, жұрт айтады! Кім білсін? Қалай дегенде де министрдің ант-су ішіп, қарғануына сенгің келмейді.

Мұхтар Құл-Мұхамедтей зиялы орнына келіп отырған Арыстанбек (Әлиев) министрліктің жұмысын ілгері бастыра алмағаны анық. Мұны енді мен айтамын. Министр — ел қызметшісі! Ел қызметшісі — министрді Ел ақтамаса, жұрт жақтамаса, ол қандай министр болғаны? Жалпы, біз мына 30 жылда Мәдениет министріне Шарль де Гольдің көзімен қарай алмадық. Образды айтқанда, дені Мәдениеттен жұрдай, “боқ домалатқан қоңыздан” артық жері жоқ қуыс қурай кеуде, жәй пенде! Өкінішті! Айта берсе, бұл таусылмайтын “жыр”. Үміт көзі ілгеріде! Ант арзандап кеткен жоқ па, бүгінгі күні?», — деп жазды жазушы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.