Ер адамдар тек әйелдерге арналған вагондарға қарсы шағым түсірген

0 1 336

Ер адамдар тек әйелдерге арналған вагондарға қарсы шағым түсірген. Ол азаматтар әйелдер бөлек отыратын вагондардың ашылуы — олардың құқықтарын бұзатынын айтқан. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы айтты — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Әйелдерге арналған вагондардың іске қосылуына байланысты «құқығымыз шектелді» деп ер адамдар шағым жазды. Ал, әйел азаматтар арнайы вагондардың ашылуын қуана қабылдады. Ұзақ сапар кезінде әйелдерге кеудесін жауып отырып бала емізуге тура келеді. Бұл ыңғайсыздық туғызады. Сондықтан ер азаматтар бұл бастаманы қолдауы тиіс», — деді Қайсар Жұмабайұлы.
Бүгінде әйелдер вагоны 3 өңірде 8 бағыт бойынша жүреді. Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Алматы – Ақтөбе және Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыттарында осындай арнайы вагондар бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.