17 мамыр күні Алматы облысындағы Сарқан қаласында қоқыстан баланың денесі табылған еді. Полиция баланың анасы анықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Анасының сөзінше, қыз 2017 жылы туған және балалардың милық сал ауруына шалдыққан. Сондай-ақ туа біте ақыл-есі кем болған. Ақпан айында бала ауырып, қайтыс болған. Осы себепті анасы өзінің інісімен бірге қызды қала шетіне жасырын көмуге шешім қабылдаған», – делінген Алматы облысының полиция департаментінде.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы (“Кісі өлтіру”) бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің бақылауында. Күдіктілер аудандық полиция бөліміне жеткізілген.