Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл

0 12

Қазақстан Республикасы UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) құрамына 164-і мемлекет болып кірді. ҚР Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майормен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  «БОРТ №1» Telegram каналына сілтеме жасап.

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы нысандар. Мәдени нысандар: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл; Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл; Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл. Табиғи нысандар: Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл; Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.

1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті, Париж.

Leave A Reply

Your email address will not be published.