Чиптелген төлқұжатқа қатысты мамандар жауап берді

0 148

Желіде мұқабасының арасына чип енгізілген қазақстандық төлқұжаттың видеосы тарады. Жазбаны түсірген қолданушы құжаттағы бұл микросхема шет елде жүрген қазақстандықтарды бақылауға арналғанын айтқан. Бейнежазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланғандықтан,
Ішкі істер министрлігі бұл мәселе бойынша жауап берді.

«Электронды төлқұжат әлемнің көп елінде енгізілген. Қазақстанда микросхемасы бар төлқұжаттар, сондай-ақ жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Чип адам туралы жеке деректерді сақтауға арналады және жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Төлқұжаттардағы чиптер шекарадан өткен кезде тек арнайы оқу құрылғыларымен өзара әрекеттеседі», — деді департамент өкілдері.

Ішкі істер министрлігі чипі бар төлқұжат электродты жүйелер арқылы басқа елдердегі шекара өткізу пункттерінен және паспорттық-визалық бақылаудан жеңіл өту үшін енгізілгенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.