Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырма берген адамның аты аталды

0 28

Белгілі рэпер Жан Ахмадиев «Youtube»-тағы каналында қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырма берген тұңғыш президенттің қызы Дариға Назарбаева екенін айтты.

Ол өз сөзіне нақты дәлелі бар екенін айтып, бұрын Алматы қаласының әкімі болған Виктор Храпуновтың сұхбатына сілтеме жасайды. Сұхбатта: «Парламенттегі отырыстардың бірінде Алтынбек Сәрсенбаев Дариға Назарбаеваға қарап: «Мен сенің телеарналарды қалай жекешелендіріп алғаныңды жақсы білемін. Қолымда дәлелім де бар. Жақында бұл құжаттарды елге жария қылмақпын. Сонда маған не істей аласың?». – деді. Дариға Нұрсұлтанқызы орнынан атып тұрып: «Ей, Алтынбек, көп ұзамай сені өлтіретін адам табылып қалар!» – дегені әлі есімде. Аузымыз ашылып қалған еді сол кезде».

Ал, «2004 жылы бұрынғы ақпарат министрі, оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаев ағамыз «бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарын басып алып, мемлекеттік қазынадан мақсатсыз қаржы алып жатыр» деп айыптап, Дариға Назарбаеваны сотқа берген болатын. Осыдан кейін көп ұзамай, 2006 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлын қаланың сыртына апарып, атып тастаған», – дейді Жан Ахмадиев.

Рэпер ары қарай Дариға Назарбаевамен етене араласқан Адонис Дербас деген канадалық кәсіпкердің естелігін келтіреді. «Дастархан басында Дариға Назарбаева, Рахат Әлиев және басқа да бірнеше адам әңгімелесіп отырған кезде, Әлиевтің: «Алтынбека надо убрать!» деген сөзін Адонис Дербас өз құлағымен естіген көрінеді», — дейді Жан Ахмадиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.