Шет ел валютасын шекара асырмақ болғандар құрықталды

0 4

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керектігін айтты. «Бұл – біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы. Соңғы кездегі оқиғалар теңге бағамына орасан зор қысым жасалғанын көрсетті. Мұны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Валюта нарығындағы тұрақсыздық жұрттың үрейленуіне, капиталдың елден шығарылуына, трансшекаралық «жасырын» ақша аударылымдарына байланысты болып отыр. Сондықтан, қаржы саласында өршіп тұрған жасанды сұранысты, соның ішінде сырттан келген сатып алушылардың белсенділігінен туындаған сұранысты азайту қажет.

Алдыңғы күні мен валютаны шетелге шығаруға шектеу енгізетін жарлыққа қол қойдым. Ірі институционалдық құрылымдар шетел валюталарын тек өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау аясында ғана сатып алып, сұранысты қамтамасыз етуі керек» делінген Жолдауда. Яғни, Президентінің биылғы 14 наурыздағы Жарлығы бойынша, Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Ұлттық банк бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған. Осыған қарамастан, шет ел валютасын түрлі жолмен шекара асырмақ болғандар құрықталып жатыр. Мамыр айында шекарашылар Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Ауқатты» автомобиль өткізу пунктінде 500 000-нан астам АҚШ долларын заңсыз әкетудің алдын алды. Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылған еді. Ал, бүгін елордадан Ташкентке ұшатын ұшақтың жолаушысы өзімен бірге шет елдік валютамен 9 млн теңгені алып кетпек болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.«Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК шеқара қызметі мен Әуежай бақылау қызметі мамандарымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан-Ташкент бағытында қатынайтын  әуе рейсімен ұшатын жолаушыларды кедендік бақылаудан өткізгеннен кейін аталған заң бұзушылықты анықтады.

«Д есімді азаматтың қолжүгін рентген арқылы қарағаннан кейін жолаушы жүк бөліміне шақырылды. Тексеру барысында оның сөмкесінен 21 650 АҚШ доллары (9 млн теңге) анықталды. Бұл дерек бойынша әкімшілік материал толтырылды», делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.