Қазақстандағы миллиардерлердің дүниесін түгел тәркілеу керек. Бұл пікірді Қазақстан халық партиясының жетекшісі Ермұхамет Ертісбаев «Байтасов Live» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Тоқаевқа жаңа саяси құрылымды, жаңа әлеуметтік-экономикалық үлгіні қалыптастыру үшін халықтың қолдауы қажет. Ол үшін Президенттің елден шығарылған 146 миллиард долларды қайтаруға ықпал жасауы дұрыс шешім. Меніңше, 1990 жылдардағы жекешелендіру нәтижелерін қайта қарау керек. Сөйтіп, біржақты тәртіппен қазақстандық миллиардерлердің дүниесін тәркілеу қажет. Халық соны талап етеді. 146 миллиард қайтарылса, Қазақстан үшін үлкен серпіліс әрі жаңа белестерге жол ашылады», – деді Ертісбаев.