«Бомж» болып жүрген 14 адам кәсіпкер, фирма директоры мен құрылтайшы болып шықты

0 36

Заңбұзушылық фактісі Ақтөбе қаласында анықталған. Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының прокуратурасы қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығын тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықты тапты. Далада үйсіз-күйсіз жүріп, осы орталықты паналаған 14 «қаңғыбас» адам кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры және құрылтайшысы ретінде тіркелгені белгілі болды.

Жауап алынған «кәсіпкерлердің» ешбірі 800 млн қаржы айналымы бар фирмаға еш қатысы жоқтығын, олардың үшеуі 1 және 2-топтағы мүгедек екенін айтқан. Сонымен қатар 2021 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін бұл «бизнестің» айналымы шамамен 800 миллион теңгені құраған», – деп жазды Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев әлеуметтік желіде.Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.