Нұрлан Қоянбаев ұлы мен жарын перзентханадан салтанатпен шығарып алды

0 25

Нұрлан Қоянбаев жары Әйгерім мен жаңа туған ұлын перзентханадан шығарып алды. Мерекелік шараға туған-туыстары, ата-анасы мен достары атсалысты.

Продюсер күні кеше ұлды болғанын айтып күллі қазақтан сүйінші сұрады. Ол осымен үшінші рет әке атанды. Бүгінде баласы мен әйелін перзентханадан шығарды.

“Сүйінші, ағайын! Қазақ еліне +1 батыр! Барлық құттықтауларыңызға мың алғыс. Сіздерге де осындай қуаныш тілеймін!”, – деп жазды ол парақшасында.

Оның қуанышына ортақтасып ет жақындары, дос-жарандары жиналды.

“Құттықтауларыңыз үшін көп рахмет. Сіздерге де жұғысты болсын”, – деді продюсер.

“Бауы берік болсын! Алла жар болсын”, – деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

“Бауы берік болсын, Нұреке”, – деді Нұржан Керменбаев.

“Құтты болсын, бауы берік болсын!!!”, – дейді Қайрат Әділгерей.

Leave A Reply

Your email address will not be published.