Мектептердегі ас мәзірді интернетте жарияланатын болады

0 26

Енді ата-аналар мектептегі балаларының қандай тамақ тұтынатынын интернет арқылы білетін болады. Республикадағы мектептер ас мәзірін алдын-ала жариялайтын болады. Бұл туралы білім министрі Асхат Аймағамбетов айтты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Министр Ертіс өңірінде болып тұрғындар алдында есептік кездесу өткізген болатын.
-Тағы бір жаңалық, мектеп ас мәзірі ата-аналарға қолжетімді болады. Әрбір оқу орны студенттерге түскі асқа не берілетіні туралы ақпаратты жариялайды. Тағамтану академиясы әзірлеген және Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген бірыңғай стандартты ас мәзірі бар және барлық мектептер оның негізінде ас мәзірін құруға міндетті. Жақын күндері бұл бұйрыққа қол қоямын. Сол кезде әр мектеп ата-аналарға арналған мәзірді «Күнделік» порталында немесе басқа жүйелер арқылы алдын ала жариялауға міндетті. Тамақтанудағы ашықтық өте маңызды, – деді Асхат Аймағамбетов.

Дереккөз: Казахстанская правда

Leave A Reply

Your email address will not be published.