Депутат 100 млрд теңгені таратып беруді ұсынды

0 14

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов 100 миллиард теңгені жағдайы төмен қазақстандықтарға таратып беруді ұсынды. Оның айтуынша, үкімет бағаны ұстап тұру үшін 100 миллиард теңге бөлген. Оның 81 миллиарды сауда желілеріне несие беру үшін, ал 16,8 миллиард теңге тұрақтылық қорларын жасау үшін жұмсалған. Алайда, түскен баға, арзандаған тауар жоқ.

«Пайдасы жоқ. Одан да бұл қаржыны тікелей халыққа таратып берген дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп жатыр», — деді депутат. Қазақстанда әр отбасы орташа есеппен табыстарының 50%-ын азық-түлікке, оның ішінде 46%-ын тамақ сатып алуға жұмсайды екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.