+45 градусқа дейін: Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық күтіледі

0 4

“Қазгидромет” Қазақстан бойынша 2022 жылдың 25-27 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді. Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді. Осылайша бұлт азайып, жаңбыр тоқтайды. Ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз ауа температурасы келесідей болады деп күтіледі: батыста +25, +35С, солтүстікте +25, +33С, орталықта +30, +37С, шығыста +27, +37С, оңтүстікте – +40+45С.

Leave A Reply

Your email address will not be published.