Сәуле Кисикова БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

0 10

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикованың БАҚ қызметкерлерінің күніне құттықтауы

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. «Халық игілігі, ел қамы» үшін елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті.
Қазіргі қоғам үшін журналист жеделдік пен шынайылықты, икемділік пен біліктілікті бойына сіңірген, мәселені жан-жақты зерттеп, талдап, көрермен мен оқырман назарына ұсынатын кәсіби, әмбебап маман.
Медицина саласында халыққа қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізіп, тынбай атқарған қызметтеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін.
Еліміз бірлік пен ынтымақтың арқасында өсіп-өркендей берсін!
Жағымды жаңалықтарыңызбен жұртшылықты қуанта беріңіздер!
Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!
Мереке құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.