Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзартуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін министрлік бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеген еді.
«Қарастырып жатырмыз. Ол жөнінде жақсы хабар айтамын», — дейді Дүйсенова тілшісіне парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Айта кетсек, бала күтіміне арналған жәрдемақыны ұзарту мәселесі қоғамда талай рет көтерілген. Мәжіліс депутаттары да үкіметке сауал жолдап, әлеуметтік төлемнің мерзімін ұзартуды талап еткен. Депутаттар бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін үш жылға дейін ұзартуды ұсынған болатын.
Ал былтыр жазда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесін пысықтауға кіріскенін мәлімдеді.
Биыл 7 маусымда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жүктілікке және босануға, жұмысынан айырылуына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсетінін хабарлады. Айтуынша, бұл декретте отырған әйелдерге жалақының көп бөлігін алуға мүмкіндік береді. Әзірге төлемдердің қазіргі мөлшеріне қанша теңге қосылатыны белгісіз.