Алакөл көлінің жағалауындағы ірі өрттің салдарынан 4 демалыс орталығы жанып кетті. Жеті адам медициналық көмекке жүгінген,- деп хабарлайды “ZhambylNews” АА ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің және халықтың бірлескен күшімен өрт 5 шілде күні сағат 05.40-та сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, аумағы 3000 шаршы метрді құрады. Өрттен 4 демалыс базасы зардап шекті.
Медициналық көмекке 7 адам жүгінді, қарап, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ», — делінген хабарламада.