Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. «Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді», — деп жазды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.
«Алдымыздағы шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайындалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз жаңа үш облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша толықтырып жасаймыз», — деген болатын Әлихан Смайылов маусым айында өткен Үкімет отырысында.