Антикор 326 млн. теңгеден астам қаржыны үнемдеді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған қызмет қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
Департамент жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыртқы талдау жүргізу механизмдері кеңінен қолдануда. Атап айтқанда, есептік кезенде 10 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысымен 23 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Спикердің айтуынша, мониторингпен ауылшаруашылық техникаларды тіркеу, елді мекенді сумен қамтамасыз ету, арт спорт саласы, автокөліктерді бастапқы тіркеуден өткізу бағытындағы тәуекелдерді көрсетті.
«Мысалы айтатын болсақ, мониторинг нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын ауыл шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларымен ұрлау дерегі анықталып, департаменттің тергеу қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді»,-деді Ернар Мақажанов.
Онымен қоса, Департамент күнделікті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізуде. Нәтижесімен жолданған ұсыныстар негізінде мемлекеттік органдарының мемлекеттік сатып алу жоспарлары қайта қаралып 326,0 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.
«Мәселен, Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет үйлері мен клубтарының орталықтандырылған жүйесі, 2 — мың бірлік ыдыс — аяқты 24 млн.теңгеге сатып аламын деп жоспарлаған, ұсыныс негізінде жоспары қайта қаралып, 23,9 млн. теңгесі үнемделді. Сол сияқты, Қаратау қаласы әкімінің аппараты жалпы соммасы 7,5 млн. теңгеге 160 дана кабельдік құдық люгын сатып алмақшы болған, департаменттің ұсынысымен бағалары қайта қаралып 1,9 млн. теңгеге бюджет қаражаты үнемделген»,-деп түйіндеді ведомство өкілі.