ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жолаушылар ағынының артуы рейстердің кешігуіне әсер еткенін атап өте келе, алдағы уақытта 14 жаңа әуе кемесі пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлаййды “ZhambylNews” АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Рейстерді кешіктіру және тоқтату кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері расталса, әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
“Мәселені жедел шешу үшін қазақстандық әуе тасымалдаушыларына жаңа ұшақтар сатып алу тапсырылды. Осылайша, жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орындық 14 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, «SCAT» авиакомпаниясы – 9, «Fly Arystan» – 3, «Air Astana» 2 ұшақпен толықтырылады. Бұл шаралар ұшу реттілігін айтарлықтай арттырады деп ойлаймын. 2025 жылдың соңына қарай флот 51 ұшақпен толығады”, — деп жазды Өскенбаев.
Еске салсақ, 16 шілдеде Азаматтық авиация комитеті көптеген рейстердің кешігуіне байланысты Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларына қатысты алдағы тергеуді жарияланған болатын.