Күзге қарай қант бағасы біртіндеп түсуі керек — АШМ

0 19

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант бағасы күзге қарай түседі деген болжам айтты. Бірақ ол үшін әкімдіктер өнімді тұрақтандыру қоры арқылы өзіндік құнынан арзанға сату тәжірибесін доғаруы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей Федерациясының болжамынша, қыркүйек айынан бастап қант экспорты ашылмақ. Өйткені биыл қызылша шығымы да қажетті деңгейде болады деген жоспар бар. Сондықтан шілде, тамыз айларында қант бағасы жоғары болатын шығар. Одан кейін біртіндеп баға түсіп, нарықтағы ахуал қалыпқа түседі деп ойлаймын», – деді Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Айтуынша, бұл болжам орындалуы үшін жергілікті әкімдіктер нарықты сауатты реттей алуы қажет. «Қазіргі ұзын-сонар кезек пен дүрбелеңнің бәрі арзан қанттың айналасында туындап отыр. Тіпті қыркүйек айында да қантты сырттан әкеліп, азғантай бөлігін өзіндік құнынан төмен бағамен сатуды жалғастырсақ, дүрбелең де жалғасады.

Сондықтан қантты өзіндік құнынан арзанға сатып, дүрбелең туғызуды тоқтатқан кезде-ақ мәселе шешімін табады. Шілде айында елге әкелінетін, зауыт шығаратын қанттың көлемін есепке алсақ, айлық қажеттілікті 150 пайыз жабамыз. Тамызда бұл көрсеткіш 170 пайызға дейін жетеді», — деді министр.

Сондай-ақ, ол қанттың шынайы бағасы қанша болуы керектігін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.