Тамыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болады?

0 87

«Қазгидромет» РМК 2022 жылдың тамыз айына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды қазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбырлар күтіледі. Елдің шығысында найзағай, бұршақ, екпіні 15-25 м/с жететін жел болжанады. Солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Айдың басында, елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Түнде термометр бағаны +7+15°С, күндіз +17+22°С дейін түсетін болады.

Алайда, бірінші онкүндіктің соңында суық антициклон ел аумағынан ығысып, солтүстік өңірлерге оңтүстік циклон келеді. Онымен жылы ауа массалары шығарылып, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі: түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін. «Алайда, айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының құбылмалы сипатына әкеледі. Дегенмен, суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С-ты құрайды, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжанады», — делінген синоптиктер мәліметінде. Ұсынылған ауа райы болжамына сәйкес, жаздың соңғы күндері күн суытады.

«Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының кіруі, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін (жекелеген аудандарда үсікке дейін төмендейді), күндіз +15 +20°С-қа дейін төмендейді. Елді оңтүстік жартысында ауа бағамы түнде +10 +15°С, күндіз +20 +27°С градус көрсетеді», — деді Қазгидрометтен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.