Қостанайда 5 жасар Мадинамен қоштасуға жүздеген адам жиналды. Бүлдіршіннің денесі төрт күннен соң табылған еді, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Наш Костанай басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы облыстық мешітке мыңға жуық адам жиналған. Аймақта көлік кептелісі болып, қозғалысты полицейлер реттеуге тура келген.
Кішкентай бүлдіршінмен қоштасуға ересектер мен балалар келген. Көпшлігі отбасыға батасы ретінде ақша жинаған.
5 жасар Мадина Ерланқызының отбасына облыс әкімінің тапсырмасымен материалдық көмек көрсетілді.
Бүлдіршінді Еңбек ауылындағы зиратта әкесінің жанына жерлеген.
Еске салайық, Қостанай облысында үш тәулік бойы іздеуде болған 5 жасар Мадинаның денесі жасанды су қоймасынан табылған еді.
Полицейлердің хабарлауынша, баланың денесі жасанды су қоймасынан, дронның көмегімен табылған. Қыздың денесін полицей Самат Ешанов пен ерікті Дамир Бектұрған тапқан. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Іздеу жұмыстарына еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері атсалысқан.